Қаратау ауданында құрылыс нысандары өкілдерімен кездесу өтті

Қаратау ауданында аудан аумағындағы құрылыс нысандарының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты — қала тазалығына үлкен жүк көліктерінің зиян келтіруіне байланысты туындаған мәселелерді талқылау.

Күн сайын үлкен жүк көліктерінің қала тазалығына зиян келтіру жағдайлары жиілеп барады. Бұл — қаланың көркіне кері әсер ететін факторлардың бірі. Осыған байланысты тазалық мекемелері мен қала тұрғындарынан шағымдар мен сауалдар жиі түсуде.

Осы мәселені шешу мақсатында құрылыс нысандарының өкілдерінің басын қосып, өзекті мәселелерді талқыланды. Атап айтқанда, нысандардың құжаттамалық рұқсаттары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы (нысандардың қоршалуы), сондай-ақ құрылыс нысандарында жұмыс істейтін қызметкерлердің Enbek.kz порталы арқылы заңды түрде тіркелуі жөнінде сөз қозғалды.

Жиын қорытындысында осы апта соңына дейін аудан аумағындағы құрылыс нысандарын аралау жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Бұл кездесу құрылыс компанияларының жауапкершілігін арттыруға және қала тазалығын сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

Кездесу барысында аудан әкімдігі құрылыс компанияларының жұмысына қатысты талаптарды қатаңдатып, бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертті. Құрылыс нысандарының өкілдері өз кезегінде туындаған мәселелерді шешуге және талаптарды орындауға дайын екендіктерін білдірді. Алдағы уақытта жүргізілетін тексерулер құрылыс алаңдарының санитарлық жағдайын жақсартып, қала тұрғындарының жайлы өмірін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қаратау ауданының әкімдігі қала тазалығын сақтау және құрылыс жұмыстарын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл бастама қаланың эстетикалық келбетін сақтауға және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.