Шымкентте «Учаске» іс шарасы өткізілуде

ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, қала көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтардағы көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке сектор үйлерін аралап, онда тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет жинайтын болады. «Учаске» іс шарасына ішкі істер органдарының барлық қызметтері және «Ұлттық ұлан» әскерилері қатыстырылып, кешенді тексерулер ұйымдастырылуда. Аталған іс шара барысында Әл-Фараби ауданы №30 УПП қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі