Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Түркістан қаласын қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы бүгін “Сауран” секторының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында құқық бұзушылық пен қылмыстың, интернет алаяктық, есірткі өнімдерінің таралуы мен ұлтаралық қақтығыстардын алдын алу шаралары бойынша баяндама жасалды. Қазіргі уақытта жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылатындықтан, бұл мәселеге ерекше тоқталып өтті.
Сонымен қатар, сектор тұрғындарына сервистік модельге ауысу аясында полиция қызметінің жаңа форматы енгізілгендігі жөнінде айтып, қызметтің барлық саласында аналитиканы қолданып, қиындықтарды жоюға бағдарланған тәсілдің енгізілгендігін жеткізді.
Жиын соңында тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын айтып қана қоймай, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыстарын білдірді. Іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.