Жамбыл облысында «Соңғы қоңырау» мерекесінен кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілді

Естеріңізге сала кетсек, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығын күшейтті, сондай-ақ шомылу орындары бақылауға алынды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Қоғамдық тәртіпті бұзуды, оның ішінде мектеп  оқушыларының қатысуымен  орын алуы мүмкін   жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты  жағдайды бақылау мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы , қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары  қатарынан жедел штабтар құрылды.

«Соңғы қоңырауға» арналған  іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай  отырып, ашық ауада ұйымдастырылды. Оған әр түлектің бір ата-анасы қатысып, шақырылғандардың барлығы әлеуметтік қашықтықты,  бетперде  режимін  сақтап,  антисептиктерді қолданды.

Кафе мен мейрамханаларда мектеп  бітіру кешін  тойлауға немесе шақырылғандар көп  жиналатын  осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тараз қаласының қызыл аймақта екендігін ұмытпауымыз  керек, осыған байланысты барлық ойын — сауық орындары құқық қорғау органдарының жіті назарында болады», — деп атап  көрсетті облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов.

Аталған мереке қарсаңында облыстың барлық мектептерінде ата-аналар мен заңды өкілдер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар  мен қылмыстарды болдырмауға және жасөспірімдердің бос уақытына назар аударуды күшейтуге бағытталған ата-аналар жиналысына қатысты.

Мобильді топтардың рейдтері барысында ішкі істер органдарына 72 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 76 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Кәмелетке толмағандардың  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде  болғаны  үшін  кафе-бардың  2 иесі  жауапкершілікке тартылды. Дүкеннің екі иесі- алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, 71 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналық  міндеттерін тиісінше орындамаудың 1 дерегі анықталды.  Тұтастай алғанда, облыс бойынша іс-шаралар  өткізу барысында  төтенше  жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту  деректері анықталмады», — деп  сөзін түйіндеді Қуанышбек Қалжанов.