Қазақ халқы итті жеті қазынаның біріне балаған. Оған ерекше мейіріммен қараған. Тіпті, ит адамның айнымас серігі болған. Ондай мысалдар жетерлік. Дегенмен, Арыс қаласында қаңғыбас иттерді аулау және жою бүгінде ең өзекті мәселенің бірі болып тұр. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою үшін аумақтық ветеринариялық инспекцияның мүшелері тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді.Өкінішке қарай, жануар иелерінің итті бос жіберуі мен немқұрайлы қарауы салдарынан қаламызда бұралқы иттер саны азаймай тұр. Көп жағдайда ит асыраушылар жаңа туған күшіктерді жол жиегі мен ашық алаңқайға тастап кететін кездері жасырын емес. Сол күшіктер өсе келе бұралқы итке айналып, қоғамға қауіп төндіреді. Олар алдымен жұқпалы ауруларды тасымалдаушылар және құтыру белгілері байқалғанда адамға шабуыл жасауы мүмкін. Оның соңы өлімге әкеліп соқтыруы да ғажап емес.Сондықтан да, ит ұстайтын тұрғындар жауапкершілікті жете түсінуі тиіс. Әсіресе, асыраудағы итін бос жібермей, қарғыбаумен байлауда ұстау турасында тағы бір еске салғымыз келеді. Өйткені, ит ұстаушы азаматтардың сана-сезімі оянып, өзгелерге деген құрметі артса, мақұлық хайуаннан зардап шегушілер болмас еді. Қаңғыбас иттер де азаяр еді.Құрметті ит асыраушылар! Қазіргі кезде Арыс қаласы бойынша 20 мыңға жуық оқушы бар. Олардың қауіпсіздігі басты назарда екенін ескерейік! Қараусыз жүрген қаңғыбас иттің қауіптілігін ұмытпағанымыз абзал.Сіздердің назарларыңызға бұралқы иттерді аулаумен айналысатын мамандар нөмірін ұсынамыз.Бағдәулет Төлебеков: +7705 137 19 91 Сүйеубек Ділдәбеков: +7705 367 43 85 Нұрғали Жұманов: +7705 904 40 66 Арыс қалалық аумақтық ветеринариялық инспекциясы: 8725 40 2 90 40
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі