Қоғамдық кеңесте қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалды

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды. Ел дамуына қажетті реформалар үшін Парламенттің бесінші шақырылымында  қабылданған  заңдардың  бірі — «Қоғамдық кеңестер туралы» заң.
Ол орталықтағы атқарушы билік пен жергілікті әкімшіліктердің жанынан құрылатын қоғамдық кеңестерді – мемлекеттің ісіне ықпал ете алатын институттарға айналдыруға бағытталған.

Құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен қарапайым азаматтар кіретін ұйым кез келген мәселе бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасуға міндетті. Ол үшін арнайы қоғамдық тыңдаулар өтеді. Осылайша, қарапайым азаматтар елде жүріп жатқан істерге өз ықпалын тигізіп, өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік алады. Осы ретте Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырыс өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Жебел Достанов төрағалық еткен жиынға, қала әкімінің орынбасары Алмаз Султанов, Қоғамдық кеңес мүшелері, Арыс аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Айдынбек Наркабулов, Арыс аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әуезхан Бейсенов, Жиделі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Алетбаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды: Атап айтсақ, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың 2022 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2023 жылға міндеттері туралы, Арыс қаласының әкімінің орынбасары Алмаз Султанов баяндап өтті. Сонымен қатар, Арыс аудандық орталық ауруханасының 2022 жылы атқарылған жұмыстарының есебі және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Арыс аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Айдынбек Наркабулов, Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2022 жылы атқарылған жұмыстарының есебі және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Арыс аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әуезхан Бейсенов, Жиделі ауылдық округі әкімінің 2022 жылда атқарған, 2023 жылда атқарылатын жұмыстары туралы, Жиделі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Алетбаев атқарған жұмыстар туралы баяндап өтті.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.