Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді 

Қоғамдық бақылау жұмыстары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамсыз ету. Бұл ретте қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.  

Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қаладағы №1 «Арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында» Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бақылаудың мақсаты, мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығы, қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Сервистік және Клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру болып табылады.  

Бақылау шараларына Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А.Қансейіт және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.

Қоғамдық бақылау барысында: мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, сонымен қатар қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ана мен балаға арналған бөлменің және т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.

Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін, сонымен қатар, қызметкерлердің мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз етудің негізгі факторы екендігін жеткізді.   

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің заманауи, ашық және тұтынушыға бағытталған жүйесін құруға келеміз.

Біздің мақсатымыз – азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру және Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары үшін болашақта жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз ету болып табылады.