Бүгін «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Индира Икапова Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің директоры Айдос Абпазовпен кездесіп, өзара меморандумға қол қойды.
Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — қолөнерді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, қолөнершілердің мүддесін қорғау.
Тиісінше, алдағы уақытта еліміздегі ғана емес, шет мемлекеттердегі қауымдастықтармен де тығыз қарым-қатынас орнатып, қолөнершілердің қызметін тиімді үйлестіру, қолөнер саласына озық тәжірибелерді енгізу жұмыстарын атқармақпыз. Оған қоса, ұлттық қолөнерімізді зерттеу, жас шеберлерге қолдау көрсету, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру жоспарын жүзеге асыратын боламыз — деді қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында туризм басқармасы мен «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті.
Аталған іс-шарада «Этноауыл» қалашығының жұмысын жандандыру, қала тұрғындары мен қонақтарын көптеп тарту жұмыстары талқыланды.