Заң бұзған жүргізуші

Қазіргі кезде қалада көлік басқаруда құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Кейбір азаматтар көлікке масаң күйде отырып алып жүргізеді. Мұның арты жол-көлік оқиғаларына алып келіп жатады. Қала аймағында  құқық бұзушылықтың алдын алуда полиция қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Заң талаптарын бұзбау  әркімнің міндеті.

Түркістан қалалық Полиция Басқармасының қызметкерлері ішімдік ішіп, көлік басқарған азаматты ұстады. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін де, мас күйде көлік басқарып, 3 жылға жүргізуші куәлігінен айрылғаны анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық Кодексiнің 346-бабы 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша іс қозғалды.

Сонымен қатар Түркістан қалалық Полиция Басқармасының қызметкерлері ВАЗ 21099 автокөлігін ұстады. Аталған көлік терезелерін күңгірттеп, полицияның заңды талабына бағынбаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабы 1 бөлігі, (авариялық жағдай туғызу) 595 бабы 1 бөлігі, (маневр қағидаларын бұзу) 590 бабы 5 бөлігі, (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 230 бабы 2 бөлігі, (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) 613 бабы 1 бөлігімен (көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) 603 бабы 2 бөлігі (Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу) әкімшілік шара көрілді.

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары және жүргізушілер! Жол ережесін сақтаңыздар! Қауіпсіздік шараларын ұмытпай, заң талаптарын бұзбауға шақырамыз!