Абылахан Жылқыбаев төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылды.
1) Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
2) Аудандық ішкі істер бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
3) Шанақ ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
4) Қ.Абдалиев ауылдық округі әкіміне, Алтынтөбе ауылдық округі әкіміне, Жаңабазар ауылдық округі әкіміне, Е-лицензия ақпараттық жүйесінде, Жер қатынастары бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілері туралы ;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, қоғамдық кеңестен уақытша комиссия құрылып, Комиссия мүшелері Б.Абуов, А. Молдасапаровтар Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмысымен танысып, аудандағы мектептердің құрылысы, кезекті оқу жылына дайындығы, жылу жүйелері т.б мәселелер бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Бейсенов Нұрдаулет Орынбасарұлы баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан соң сұрақ-жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері Д.Кулимов, Б.Абуов, Б.Серикбаев, А.Жылкыбаевтар полициялық пункттер, учаскелік полициялардың қызметі, автожолдардағы жол кедергілері, қауіпсіздік камералары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы, интернет желісіндегі алаяқтық, жаяу жүргіншілер өткелдері, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар жайлы және тағы басқа көптеген мәселелер төңірегінде сұрақ қойып, жауап алып, ұсыныстарын білдірді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Шанақ ауыл округі әкімі Серіғали Тілегенов баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан соң сұрақ-жауап болды.
Қоғамдық кеңестің мүшелері Ж.Сәрсен, Г.Каюпов, Б.Серикбаев, Д.Кулимов, Б.Абуов, А.Жылкыбаевтар Ескі Шанақ, Ызабұлақ, Ақжар е.м, Станция Шанақтағы газ мәселелері, 3 елді мекеннің арасындағы жолды асфальттау, ішкі жолдарды асфальттау, ауыз су мәселесі, мәдениет үйінің құрылысы, мектеп пен мәдениет үйінің жылу жүйесі туралы, қайтарымсыз грантты алған ауыл тұрғындарының жұмысын қадағалау көше жарықтары, жол кедергілерін қою және т.б мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты. Ол сұрақтарға ауыл әкімі Серіғали Тілегенов жан-жақты жауап берді.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша түсінік беру үшін сөз ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Нұрлыбек Ерсайын Ерғалиұлына берілді. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.
Қоғамдық кеңестің мүшелері А.Сманов, Ж.Сабитов, А.Жылкыбаевтар Қ.Абдалиев, Алтынтөбе, Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, Е-лицензия ақпараттық жүйесінде анықталған бұзушылықтар бойынша: Жер қатынастары саласында, Қызылқия ауыл округінде – 5 қызмет, Алтынтөбе ауыл округінде – 1 қызмет ақпараттық жүйеде әлі күнге дейін орындалмағандығы төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Сондай-ақ осы мәселелерге ұсыныстар айтылып, ұсыныс Қоғамдық кеңестің тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта ескерілетінін айтты.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.