Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі

Сыбайлас жемқорлық  — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Осы ретте Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңестің жиыны өтті. Абылахан Жылқыбаев төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылды.

1) Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

2) Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

3)Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Баяндамалардан кейін кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Беккере шұңқыры, Сібір жарасына жасалынып жатқан жұмыстар, ай сайын санитарлық тазалық жүргізілуі жөнінде, вакцина салу бойынша, Базарларды қадағалау жұмыстары, мал тоғыту орындары, ауылдардағы мал дәрігерлерінің отыратын бекетінің ескілігі, Сырлысайдағы мектеп құрылысы, Майлыошақтағы 300 орындық мектеп туралы, Шарбұлақ а/о 300 орындық мектептің құрылысы жөнінде сұрақтар қойылып, бөлім басшылары тарапынан тиісті жауаптар алынды.