Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мемекеме басшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «2022 жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы» жылдық есепті талқылау туралы.
2. «Сайрам ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту таралы» Сайрам аудандық мәслихатының шешім жобасына қорытынды беру туралы.
3. Сайрам аудандық эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2022 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі.
4. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.
5. Аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.
6. Көлкент ауыл округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева аудан бюджетінің атқарылуы туралы қысқаша ақпарат берді. Екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілдаев өз баяндамасын жасады. Үшінші мәселе бойынша аудандық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Түктібай аудан халқы арасында жұқпалы аурушаңдықтардың алдын-алу мақсатында аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінде «Конго-қырым геморагиялық қызбасы», «Сібір жарасы», «Құтыру» ауруларының алдын-алу іс-шаралары бойынша қаралып, тиісті іс-шараларды жүргізу бойынша шешім шығарылғанын айтты. Сонымен қатар төртінші және бесінші мәселе бойнша аудандық бөлім басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Ал, алтыншы мәселе бойынша Көлкент ауыл округінің әкімі У.Юлдашевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Қоғамдық кеңес отырысына қатыспауына байланысты кейінгі отырысқа қалдырылды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.