Мал бордақылап, сүт өндіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы ұлықтау рәсімінде «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөз айтты.

Ауыл шаруашылық саласын дамыту-маңызды міндет. Сансыз баптар жатқан Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы көш ілгері дамыған аудан. Қарасу ауылдық округі, Ақбай елді мекенінде орналасқан » Умарали ата» шаруа қожалығы бүгінде ірі қара мал өсіріп отыр.

Шаруашылық басшысы Мирзали Усманов Умаралиұлының қазіргі таңда екі үлкен қорасы бар. Шаруашылық иелігінде 10 гектар егістік жер, 180 бас сауынды сиыр және 1000 бас ірі қара мал бордақылануда. Шаруашылық жем-шөппен толық қамтылған. Жеке кәсіпкер ауылдың 30 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың айлық табысы 140 теңгені құрайды. Айына 1,5 тонна сүт өндіретін шаруа бұған дейін мемлекеттен ешқандай көмек алмағанын айтады.