Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде кезекті отырысына қатыстым. Бүгінгі отырыста Заң талаптарына сай кезектілік тәртібімен қабылданған жаңа мүшелері таныстырылып, арнайы төсбелгі табысталды. Кеңес құрамына ресми түрде қабылданған жаңа мүшелер:Созақбаева Эльмира Раймбекқызы – Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы. Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы — Шымкент қаласы «Су құбырлары және канализация басқармасы» МКК директорының орынбасары. Отырыста «Shymkent» әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары және нәтижесі бойынша АҚ-ның төрағасы төрағасы Канкин Бауржан Тоқболатұлы есеп берді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Кенжебаев Нұрсұлтан Садықұлы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұманбаев Бауыржан Қалмұхамедұлы, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы орынбасарының 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалып, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Қоғамдық кеңес мүшелері Shymkent» әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарына қанағаттанбайтынын жеткізіп, нақты сауалдарға нақты жауап бермегеніне наразы болып, оң бағасын бермеді.Сонымен қатар, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов Қоғамдық кеңес алдында есеп беруге келді. Бірақ өз баяндамасын алдын-ала бермегені үшін Қоғамдық кеңес есебін тыңдаудан бас тартты.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы