Құқықтық іс-шара өтті

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» комиссиясының ұйымдастыруымен колледжі жатақханасында құқықтық іс-шара өтті.

Іс-шараның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1. «Булинг», оның түрлері, кибербулинг тақырыбы бойынша Шымкент қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлерімен студенттер арасында түсіндірме жұмыстар жүргізу.

2. «Тәуекел» тобына жататын білім алушыларды анықтау және жастар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараға Шымкент КПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры-Х.И. Юсупов қатысты. «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» комиссиясы төрағасы-Зауырбеков Мурат жиынды қорытындылап, қатысқандарға алғыс білдірді.

Сонымен қатар осы  М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ЖІЖК-ті студенттік парламентінің «Құқық және тәртіп» фракциясы және «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Қасымбекова Нурила, «Өнеге» аналар клубының жетекшсі Абдуллаева Гүлмира, Колледж медбикесі Набатова Жамила, Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Жастар арасында нашақорлық, маскүнемдік және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу» мақсатында арнайы сала мамандарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Шымкентт қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың«жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы-Қалмурзаева Айжарқын, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық маманы-Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталағының нарколог дәрігері -Сагындыкова Палжан, Түркістан РҚБ, жобасының үйлестірушісі -Әбуталиев Ержан Серғали, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Азия чемпионы-Турсымбаев Шахрух, №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы-Садыков Бахтияр қатысты.

Кездесу барысында мамандар өте қажетті мәліметтер айтып, студенттерге дұрыс әрі салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ ерікті түрде, он сегізге толған жастардан АИТВ тест алынды. Қатысқан студенттердің көпшілігі өткізген тесттің қызық әрі қауіпсіз екендігіне көз жеткізді.