Миллионды қала – Шымкентте қазанның бірінші күнінен басталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен болатын.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ, қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады.
Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында орналасқан 40 181 пәтер мен жеке тұрғын үйлерді аралады. Оның ішінде жалға берілетін 900 пәтер тексеріліп, онда тұрып жатқан 94 Ресей Федерациясының азаматтары анықталды. Сондай-ақ, қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүрген, тұрғылықты жері жоқ 40 тұлға анықталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрген – 106, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 40 жасөспірім анықталды.
Ішкі істер органы есебінде тұрған 3305 адам тексерілді. Оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған — 250, әкімшілік қадағалау орнатылған — 24, мінез-құлқына ерекше талап белгіленген — 203, қорғау нұсқамасы шығарылған — 890, әкімшілік қадағалауға түсетін — 101 тұлға, пробация есебінде тұратын — 1144 тұлға және 144 жайсыз отбасы. Бұған қоса 2082 қару иесі тексеріліп, қаруды тіркеу және сақтау тәртібін бұзғаны үшін 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз тіркелмеген 2 қару тәркіленіп алынды. Барлығы 6639 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көші-қон заңнамасын бұзған 106 шетел азаматы мен тіркеусіз тұрғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен 484 азаматқа хаттама толтырылды.
Аудандық полиция басқармалары мен учакелік полиция пункттеріне барлығы 1687 тұлға жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды.