Жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу

Шымкент қаласы білім басқармасының Индустриалды-техникалық колледжінде ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағаттың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

Сонымен қатар  Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК директорыныңоқу тәрбие ісі жөніндегі   орынбасары Қ.Ибраимкуловтың ұйымдастыруымен «Студент жастар арасында қылмыстың алдын алу және зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында, топтардың студенттеріне профилактикалық іс-шара жүргізді. Жалпы бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастардың  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жастардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Студенттерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен өзгеде заңнамалардың баптары слайд түрінде, бейнебаян түрінде көрсетілді. Іс-шараға әлеуметтік педагог, педагог-психолог, көркемдік жетекші және аталмыш оқу топтарының кураторлары мен о/ө шеберлері, 150 студент қатысты.