ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстар мен арыз-шағымдар келіп түсуде.
Мәселен, қала тұрғыны «құжаттарды қабылдау және балаларды “1” сыныпқа қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша баласын мектепке тіркеле алмай жатқандығы туралы өтінішімен жүгінді.
Департаменттің араласуымен мемлекетік қызмет көрсетуді сапасыз және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін кешіктіргені үшін, білім беру мекемесінің оқу ісі жөніндегі орынбасарына тәртіптік шара қолданылды.
Осылайша, Департаментке «құжаттарды қабылдау және балаларды “1” сыныпқа қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша шағымданған қала тұрғының құқығы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 24/7 бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген азаматтың құқығы қалпына келтірілді
