Емхана жанынан 76 мобильді бригада жасақталды

Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 66 жағдайы тіркелген. Тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қаладағы емханалар жанынан 76 мобиьлді бригада жасақталды . Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сауле бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

С. Дүйсенбаева айтуынша, емхана жанынан құралған мобильді бригада шақырту бойынша науқастарға үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Қазірде 43 емханадан 76 мобильді бригада жасақталса, 137 мобилді бригада резервте тұр.

Ал эпидемиялогиялық жағдай өршіген тұста қаладағы инфекциялық стационарлар қайтадан жасақталып, медициналық көмек көрсетуге дайын.

“Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий дайындалған. А – ағымдағы жағдай 803 төсек-орын. В –эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 1763-ке дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 2 513төсек-орын ашылады. Ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 619 490 адам, 2 – ші компонентпен- 607 859 адам егілді”-деді С. Дүйсенбаева.

Шымкент қаласының денсаулық басқармасы