ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстар мен арыз-шағымдар келіп түсуде.
Мәселен, қала тұрғыны «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің сапасы бойынша заңға сәйкес іс-шара қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.
Департаменттің тарапынан мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін кешіктіріп бұзғаны үшін, Жер қатынастары басқармасының тиісті маманына шара қолдану бойынша ұсыныс жолданды.
Осылайша, Департаментке «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша шағымданған қала тұрғының құқығы қалпына келтірілді.
Осы ретте айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 24/7 бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.