Бүгін Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Түркістан облысы бойынша филиалының судьялық әдеп жөніндегі комиссиясының мүшесі Гүлмира Мекембайқызы Қазақстан Республикасының судьялық әдеп кодексі бойынша аудан судьяларына түсіндірме жүргізді.Арыс аудандық сотының төрағасы С.Умаров, судья Е.Агманов, судья Б.Сауранның қатысуымен өткен шарада 2016 жылғы 21 қарашада қабылданған Судьялық әдеп кодекісінің 15-бабында жұмыс істеп жүрген судьялар үшін жүріс-тұрыстың әдеп қағидалары, судьяның біліктілігі, адамгершілік, моральдық бейнесін нығайту қажеттілігі айтылды.Судья заң үстемдігін және сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарын қорғауға және жүзеге асыруға, істі заң тұрғысынан қарап әділ шешімін шығаруға тиіс. Бұл аталған құжаттың 2-бабына сәйкес «Судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру қажет. Бүгінде қазыларға соттан тыс жағдайда қойылатын талап та жоғары. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Түркістан облысы бойынша филиалының судьялық әдеп жөніндегі комиссиясының мүшесі Гүлмира Мекембайқызы судьның сот процесіне қатысушылармен процессуалдық емес қарым-қатынастарға жол бермеу қажеттігін, сот барысы туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жария етпеу сияқты әрекеттерден бойын аулақ ұстаулары шарт керектігін айтып өтті.Сондай-ақ, сот билігінің беделін түсіруге әкеп соққан және судьяның абыройына нұқсан келтіретін ережелерді бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тартуға негіз болып табылатындығын түсіндіріп өтті.
Арыс аудандық соты