Арыста Қоғамдық кеңес жиыны өтті

Ел ішінде әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді билікке жеткізуде Қоғамдық кеңестердің атқаратын ролі зор. Қоғамдық кеңес билік пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес. Бүгін Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті жиыны өтті. Жебел Достанов төрағалық еткен жиынға, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім, мекеме, және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:

Атап айтсақ, «Көктемгі егіс жұмыстарының барысы және зиянкестерге қарсы күрес туралы», Арыс қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков, «Қаланың көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының барысы туралы», Арыс қаласының Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ақылбай Қазыбек, «Ақдала ауылдық округі әкімінің 2022 жылы атқарылған жұмыстарының есебі және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы», Ақдала ауылдық округінің әкімі Байекеев Тоқберген Тәліпханұлы, «Арыс топтастырылған су жүйесі» өндірістік бөлімшесінің 2022 жылы атқарылған жұмыстарының мәліметі және алдағы атқарылатын жұмыстары туралы», «Арыс топтастырылған су жүйесі» өндірістік бөлімшесінің басшысы Нұртай Ибраимов толық баяндап өтті.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.