Отырарда қыздарға арналған жиын өтті

қыздарға

Отырарлық полиция қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, Ескі Шілік ауылдық округінің С.Құртайов мектебінде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында қыздар арасында кездесу жиынын өткізді.

Шараға «Жастар ресурстық орталығы»КММ-ның психологы Л.Сейталиева, орталық аурухана психологы А.Жасекова, Отырар АПБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы З.Надирова және мектеп ұжымы қатысты.

Аталмыш жиында зорлық-зомбылық пен деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, әйелдер мен балаларды қорғау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының Жарлығымен енгізілген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң бойынша жасөспірімдерге маңызды ақпараттар берілді.

Сондай-ақ арнайы психолог мамандары тарапынан көңіл-күй күйзелістерін қалыпқа келтіру мақсатында, қыздар арасында түрлі ойындар ойнатылып, қоғамды ізгілендіру мен өскелең ұрпақтың бойына ибалылық секілді асыл қасиеттерді дәріптеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі