Қызмет алушының арызы назарға алынды

арызы

Департаментке қала тұрғынының «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметінің көрсетілу сапасы туралы шағымы түсті.
Шағымда, өітініш иесі аталған қызметке шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне өтініш қалдырғандығын және мемлекеттік қызмет нәтижесін алмағандығын мәлімдеген.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес аталған мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі
21 жұмыс күнді құрайды.
Алайда, 5 ай уақыт өтседе мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәижесі қызмет алушыға ұсынылмаған.
Департаментпен аталған кемшілік бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, Басқарманың қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, қызмет алушының арызда көрсеткен сұрауы орындалды.
Айта кетейік, егерде көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты арыз-шағым, қандайда бір сұрақ немесе ұсыныс болатын болса, Департаментке тікелей (Шымкент қ., Тәуке хан 3»А») немесе электрондық жүйе (Е-Otinish) арқылы жолдай алатындарыңызды хабарлаймыз.