Сыр елінде жергілікті өнімдерді экспорттау жалғасуда деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 8,7 млн. долларды құрайтын 25,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері және қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 89,8 пайызды құрап отыр.
Бүгінде өнімдер әлемнің 14 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 95,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы — күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 24,6 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 105,2 пайызды құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва және Австрия мемлекеттеріне 818,3 тонна балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 447,8 тонна қамыс жөнелтілді.