Аудан басшысы орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Нариман Мақұлбеков орман шаруашылығы қызметкерлерін қабылдап, үздік сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.Шараға, аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шиелі ауданының құрметті азаматы П.Архабаев пен орман шаруашылығының қызметкерлері қатысты.Шара барысында, аудан басшысы Н.Мақұлбеков сала мамандарын арнайы мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіп одағының Құрмет грамотасымен марапаттады.Шарада, аудан әкімі Н.Мақұлбеков қазіргі таңда ауданымыздағы орман шаруашылығы мекемесінде 77 қызметкер жұмыс жасап, табиғатты қорғау, орманды күзету, өсімін молайту жұмыстарымен айналысатыны баршаңызға белгілі. Бүгінде жалпы жер көлемі 1 079 187 га, оның ішінде орман алқабы 867 922 га яғни 80 пайыз орманды жерлер және Шиелі, Жөлек, Қызылқұм болып 3 орман алқабына бөлінген. Осы тұста айта кетсек орман шаруашылығы – экономиканың бір саласы және орман өсіру, орманды жаңартып отыру, орманды күту, оны кесіп, реттеу, орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттілік мақсатында алатын орны ерекше екенін атап өтті.Шара соңында, аудан басшысы Н.Мақұлбеков сала мамандарының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шиелі ауданы әкімдігі