Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстарының күрт өсуіне негіз болып отыр. Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Түркістан қаласы прокуратурасы салынып жатқан құрылыс объектілеріне заңсыз кіру арқылы бірнеше рет құрылыс материалдарын жасырын жымқырды деп айыпталған С.Асанбаевқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдаған.
Асанбаевтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 500 мың теңгеден астам залал келтірілген. Кезекті қылмысты жасау кезінде Асанбаевты күзетшілер оқиға орнында ұстаған.
Түркістан қалалық сотының үкімімен С.Асанбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтары және ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды қасақана жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның әрекетінде қылмыстардың қайталануы бар екенін ескере отырып, 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды.Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі – жасөспірімдер, кәмелеттік жасы болып табылады. Қылмыстық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде.Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісе бастаған кезде оның жан-жақты проблемаларын оқып үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде.
Әсіресе мұндай қажеттілік қазіргі таңда жастар проблемасын мұқият зерттеп, жаңа көзқарастармен өзгертіп, қайта қарау заңды кұбылысқа айналуда. Жаңа ғасырдағы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде, яғни жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында. Қылмыстың алдын алу олардың негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер дәл қазіргі таңда белең алуда.
Бүгінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде оң нәтижеге жету үшін қолайсыз отбасыларына ықпал ету жүйесін өзгерту қажет, мұндай бұзушылықтар үшін тек қана ата-аналық құқынан ғана айырып қоймай, бас бостандығынан айыруды қарастыратын ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі жауапкершіліктің тиімді институттарын құру керек, бұндай институтты құрмайынша кәмелетке толмағандардың оң бағыттағы құқықтық санасын қалыптастыру туралы айту мүмкін емес, себебі балаларға тәрбие және бұл өмірде дұрыс бағыт беру үшін жауапкершіліктің мүлдем жоқтығын айтуға болады. Ата-аналарының балаларды тәрбиелеуге құқығы ата-аналық құқықтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі.Сонымен бірге, қазіргі жағдайда білім беру мен тәрбиелеу деңгейіне жалпы әлемдік талаптың күшею тенденциясы ата-аналарға балаларға қатысты көп міндет пен көп жауапкершілік жүктейді.Кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларының жүйесінде кәмелетке толмағандарды еңбекпен қамтамасыз етуге жетекші, басты орын беру қажет. Әлемдік практика көрсеткендей нарықтық қатынастар адал және әділ еңбекті қажет етеді.
Жасы толмағандар қылмысымен күреске бағытталған күнделікті жұмыс Қазақстан Республикасы саясатының негізгі құрамдас бөлігі дейтін болсақ, ол жасы толмағандардың қылмысы мен жасөспірімдер құқық бұзушылығын болдырмай алдын алудағы шаралардан өз көрінісін тапқан. Бос уақыттың шексіздігі, оны дұрыс пайдалана алмау, педагогикалық тәрбиелеудің жеткіліксіздігі жасөспірімдер арасында жаман әдеттің кең таралуына, моральдық, құқықтық нормалардың бұзылуына алып келеді.
Жасөспірімнің жеке басында пайда болатын жағымсыз қылықтардың қалыптасуы олардың тұрған жерлеріндегі тәртіпсіз жасөспірімдермен араласуының нәтижесінен құқық бұзушы жасөспірімдер шығатынын дәлелдей түскендей. Кәмелетке толмағандар туралы дербес бөлімнің Қазақстан заңдылығында пайда болуы бірінші рет. Қылмыстық заңда кәмлетке толмағандарға арналған арнайы бөлімінің пайда болуы бұл еліміздің қылмыстық заңының жоғары даму деңгейін көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықпен күресу – қылмыстылықпен күресудің басты бағыттарының бірі. Қорытындылай келгенде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі қазіргі кезде тек криминологтарды толғандыратын мәселе емес, бұкіл халқымызды толғандыратын мәселе.