Әл-фараби ауданының ТЖБ қызметкерлері жедел-құтқару жасақтың мамандарымен бірлесіп қыс кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балық аулау және аңшылық кезде судағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріп өтті. Сақтық шаралары аудан аумағында орналасқан су қоймасы және каналдардың бойындағы адамдарға түсіндірілді.Қыста су айдындарында балық аулауға бару алдында, келесіні зерттеп әрі есте сақтау керек: — учаскелерге тез жетуге болатын жағаға жақын орналасқан, таяз орындардың бағытын есте сақтау ; — мұз осалдығын көрсететін белгілерге назар аудару керек;- жағалаудан балық аулау орындарына дейін қосымша бағдарды жоспарлау;- басқа балықшылардан 3 метрден астам арақашықтықты сақтау;- сізде судан шығуға немесе құлаған өзге балық аулаушыға көмек бере алатын қандай да бір құрал болу қажет; — ең мықтысы — таза, мөлдір мұз, лайланған мұз сенімсіз екенін ескеру керек;- қар басқан учаскелерде су айдындарында бұлақтар құятын жерлерде, әдетте, мұз жұқа болады;- жалғыз жаяу жүргіншілер үшін мұз қалыңдығы кемінде 7 см, ал адамдар тобы үшін – 12 см болғанда берік болып саналады;- тұманды кездерде кезде мұз үстімен қозғалуға болмайды.
Шымкент қаласы ТЖД