Студенттермен кездесу болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.18-қазан күні Шымкент қаласы «Болашақ» жоғары  колледжінің педагогика және медицина бөлімдерінің студенттеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілуде. Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып, онда зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылдаған маңызды заңнамалық шаралардан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Кездесудің мақсаты пара беру мен пара алудың жауапкершілігін түсіндіру және жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру.Студенттермен кездесу барысында пара алушылармен қатар,пара берушіде қылмысжасаушы болып саналатынын және жемқорлыққа қарсы жалпы қоғам болып күресуге шақырды. Іс-шара барысында Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп, басты критерий-нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы екендігін атап өтті. Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CAII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сыйбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.Кездесуге колледж ұстаздары да  қатысты.

Ntime.kz