Шымкент қаласы полиция департаментінің Инстаграм парақшасына әлеуметтік желі қолданушысынан тәртіп сақшыларына шын жүректен алғыс білдірген хабарламасы келіп түсті. Азаматшаның айтуынша, шетелдік қонақтар қиын жағдайға тап болған.
Ұялы телефонын жоғалтқан қыздарға жедел түрде полицейлер көмекке келген. Телефонның таксиде қалғанын анықтап, шетелдіктерді алып жүріп жүргізушімен кездестіріп, смартфонды қайтарып берген.
Сонымен қатар, сақшылар қонақтарға қаланың көрікті жерлері туралы айтқан.
Туристер мұндай қамқорлық пен шымкенттіктердің қонақжайлылығына, әсіресе полицейлердің мейірімділігі мен жанашырлығына ризашылығын жеткізіп, видео жолдаған.
Шымкент Қаласының ПД