Түркістан облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 1000-ға жуық тұрғынға, түсіндірме жұмыстары жүргізілді

16 күндік акция барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Жанна Шалбекова бастаған Жетісай АПБ-нің қызметкерлері бүгінгі таңда акция аясында бірқатар жұмыстар атқарды. Қоғамда орын алып жатқан түрлі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында Жетісай ауданы бойынша 1000-ға жуық қыз-келіншектер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, біршама отбасының жай күйі тексерілді. Мемлекеттік мекемелер мен сауда орындарында жұмыс жасайтын әйелдерге екі мыңға жуық арнайы түсіндірме қағаздарын тарқатып, қажетті орындарға 10 билбордтар ілінді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған немесе білген жағдайда жасырмай полицияға хабар беруді, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жандарға, көмек беретін мемлекеттік ұйымдар жайында да, толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары мектеп оқушылары арасында арнайы «зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында сайыс ұйымдастырып, үздік деп танылған оқушыларға сайыс соңында алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бұдан өзге, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандағы мүмкіндігі шектеулі отбасыға азық-түлік апарып мерекемен құттықтап, көпбалалы ананың алғысын алды.

ТО ПД баспасөз қызметі