Спорт әрқашанда адамдардың рухани өмірін интернациоландырудың негізгі көзі бола отырып, дене қасиеттерінің жоғарғы деңгейін ғана емес, сонымен бірге ұлтқаралық қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін де дамытады, яғни спорттық байланыс халықтар мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін және басқа да құндылықтарды сыйлау, бағалау арқылы жасалады. Осының дәлелі ретінде қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының табиғатын және Қазақстанда тұратын барлық халық өкілдерінің ұлттық ойындар мен дәстүрлі жарыстарға деген көзқарасын атап өтуге әбден болады.
Түркістан қаласында «HALYK» қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары мен жасөспірімдерін қолдау мақсатында «AUYL SPORT – 2024» Түркістан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасы өтті.
Жарыс барысында «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубының 4 спортшысы волейболдан бақтарын сынады. Сайрам құрама командасы сапында сынға түскен олар жүлделі II-ші орынды олжалады.
Бәсекеде бәсі биік болған Бехруз Сабиржанов, Азатбек Юлдашев, Алтынбек Юулдашбеков, Абылхан Төрехан тәрізді спортшыларымыз бен Кабулжан Эгамбердиев, Илхом Файзуллоев және Шавкат Усмонтаев сынды білікті бапкерлерінің жеңісі ауданымыздың спорт саласына айтарлықтай үлес қосқанының айғағы.