Ерікті жастар волейболдан өзара мықтыны анықтады

Ерікті жастар

1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ерікті жастар арасында волейболдан жарыс өтті. Ел басына күн туғанда халықтың қамын ойлап, үнемі көмек қолын созуға ұмтылатын азаматтар өзара бақ сынасты. Сайысқа қаламыздағы 7 бірдей колледж студенттері белсенділік танытты. Еріктілер осылайша арадағы нағыз достық пен ынтымақтастықтың әдемі үлгісін көрсете білді.

4 кезеңнен өткен сайысқа қаладағы 7 бірдей колледждің ерікті жастарынан құралған 7 команда қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Алғаш болып сынға түскен Инновациялық технологиялар колледжі және Шымкент аграрлық техникалық колледжінің студенттері болды. Олар ойынды 2:1 есебімен аяқтап, Инновациялық технологиялар колледжінің ерікті жастары жеңісті қолдан бермеді.

Кіші турнирді өткізудегі  басты мақсаты — жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа баулу. Сондай-ақ, еріктілер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Тартысты өткен турнирдегі жеңімпаз командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар жарысты бұдан кейін де дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз, дейді.

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, өз-өзін қалыптастырып, болашақтың кірпішін қалау үшін әрі әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін бірден-бір игі шара. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға жасап жатқан көрсеткіш екені даусыз. Волонтер — ең алғаш «военный» деген сөзден бастау алған. Қазіргі таңда бұл сөздің баламасы «ерікті» деп аталып жүр.

Ерікті дегеніміз — арнайы бір мақсатта құрылған ұйымдарға өз еркімен мүше болатын жандар. Еріктілер ең алғаш Италия, Франция және Англиядағы әскери ұйымдар сапында болған. Қазақта «асар» деген сөз бар. Асар деп – ақы төлемейтін, төлемсіз топ адамның өзге адамға қол ұшын созуы. «Еріктілер» атқаратын қызмет пен асаршылар атқаратын қызмет тең екендігін байқауға болады. Яғни, еріктілер батыс елдерінде белгілі бір кішігірім топтармен бірігіп бастау алғанымен, елімізде бұрыннан келе жатқан дәстүрлі шара. Қазақ қоғамында үлкенге құрмет, кішіге ізет көресете білу еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейінгі атқарылуы тиісті парыз істердің бірі.