28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, Түркістан облысының БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді.
Спартакиада мақсаты — бұқаралық спортты насихаттау, облыс көлемінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыру.
Спартакиада төмендегідей спорт түрлерінен өтеді:
Шағын футбол: 20 маусым, сағат. 09:00-17:00
Волейбол:20 маусым, сағат. 09:00-17:00
Үстел теннисі: 20 маусым, сағат. 09:00-17:00
Арқан тарту: 20 маусым, сағат. 09:00-17:00
Ләңгі: 20 маусым, сағат. 09:00-17:00
Спартакиада бағдарламасындағы спорт түрлері бойынша жарыстарға Түркістан облысында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз мекемелері тапсырыс парағы (№1 қосымша) (дәрігер визасы міндетті түрде) арқылы қатыса алады. Өтініш беруші ұжымдарға шектеу қойылмайды.
Төрешілер алқасының кеңесі 19 маусым күні сағат 18:00-де «Түркістан-Арена» стадионында өтеді. Жарысқа қатысушылар тапсырыс парағын (заяква) өзімен бірге төрешілер отырысына алып келуі тиіс.
Мандаттық комиссия отырысына спорт түрлері бойынша команда басшысы (өкіл) әр спортшының жеке төлқұжаты, қызметтік куәлігі түп нұсқасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) соңғы 6 айда жұмыс жасаған анықтамасын тапсыруы тиіс.
Жарысқа жалпы басшылық жасау және өткізу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан жүзеге асырылады.
Жарысты өткізу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.
Анықтамалар үшін:
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, тел: 87713223334