Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заңымыздың арқасында еліміздің іргесі бекіді, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік.Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ізгі ниетпен, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев