2021 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 10:00-11:00 аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ өтеді.
Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының Абай ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінде, Мәделі қожакөшесі №1Г мекенжайында өтеді.
Қоғамдық қабылдау барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары, «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Б.Орманов, қоғам белсендісі Қ.Абдиров және Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушыларды қабылдайды. Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті