Шымкенттік полицейлер пара беру жайтының алдын алды

Шымкент қаласының тұрғыны Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкеріне ҚР ІІМ-нің есепке қою деректер қорынан өзінің ұлын есептен алып тастау мақсатында пара ұсынған. Полиция қызметкері орын алған жайт туралы тез арада Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігімен (Пара беру) қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің Баспасөз қызметі