Елімізде спортты дамытуға айрықша мән беріліп, барлық жағдай жасалуда.
Биыл, Шымкент қаласында 6-шы рет «Shymkent Marathon-2023” спорттық іс-шарасы өтті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты.
Оның ішінде, кәсіби спортшылар ғана емес салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар, спорт жанкүйерлері, әртүрлі саланың қызметкерлері мен құық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
Спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға прокуратура органдары да өз үлесін қосуда. Қаламызда өтіп жатқан «Shymkent marathon 2023» республикалық спорттық іс-шарасына қала прокуратурасының 18 қызметкері қатысып, 6 қызметкер — 5 шақырымды, 8 қызметкер — 10 шақырымды, 4 қызметкер — 21 шақырымды жүгіріп өтіп, арнайы медальдармен марапатталды.
Қала прокуратурасының органдары спорттық іс шараларына белсене қатысып, спорт арқылы ұжымдық бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын ұстануда.
Сонымен қатар сайысқа Шымкент қалалық полиция департаментінің тәртіп сақшылары да қатысты. Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы полиция майоры Луиза Газиева 5 шақырым жолды 34 минутта жүгіріп өтсе, Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Асель Тогайбаева дәл сол қашықтықты 30 минутта еңсерген. Бұған қоса, Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының аға инспекторы полиция майоры Байзақұлы Ерік 10 километрді 49 минутта бағындырған.
Сондай-ақ, жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және еліміздің басқа өңірлерінен келген азаматтар қатысты.
Айта кету керек, бұқаралық сайыс кезінде қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 170-тен астам полицей мен 23 қызметтік автокөлік бөлінді.