Профилактикалық шаралар өз жалғасын табуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері бірлесіп, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшылығы мен қызметшілеріне бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді. Осы ретте, қатысушыларға арнайы бейнеролик және ақпараттық слайдтар көрсетіліп, кездесу мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне және моральдық-этикалық нормаларды бұзуға аса төзбеушілік ахуалын қалыптастыру сұрақтарына арналды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормалары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, тәжірибеде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша мысалдар келтіріліп, бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған сапалы шараларды қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Бұл ретте, Департамент өкілі Д.Жанысбек Шымкент қаласының еңбек инспекциясы басқармасымен түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум талаптарына және оның аясында атқарылып жатқан іс-шараларға ерекше тоқталып өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру сұрақтарына, сондай-ақ еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтату мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.

ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті