Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Өз кезегінде, Төлеби ауданының тұрғыны жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу бойынша тиісті мекемеге өтініш білдірген.
Алайда, жылжымайтын мүлікке тыйым салынуына байланысты мекеме қызметкері тарапынан өтініш қабылданбаған.
Яғни, жылжымайтын мүлікке тыйым салынуы өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
Осы орайда, өтініш иесі мекеме тарапынан көрсетілген сапасыз қызметке наразылық білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне шағымданған.
Департаментпен шағымды сұрау салу арқылы қарау барысында мекеме тарапынан өтінішті негізсіз қабылдамағаны және тиесілі қолхаттың берілмегені анықталды.
Осылайша, Департаменттің ықпал ету шараларының нәтижесінде шағым иесінің өтініші мекемемен қабылданды.
Бұзушылықтарға жол берген жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке жазбаша түрде немесе «E-Otinish» платформасы, сондай-ақ «Kenes1414» telegram-бот арқылы жүгіне аласыз.
Мырзабек СЕЙТБЕК ҚР МҚІА Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы