«Саяси реформалар әділетті Қазақстан жолында жасалған қадам» атты кездесу өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы  университетінде  «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасының PhD аға оқытушысы С.Баймаганбетов «Саяси реформалар әділетті Қазақстан жолында жасалған қадам» тақырыбында кездесу өткізді. Форсайт сессия форматында өткен шараға Экономика, басқару және құқық факультетінің магистрантары мен докторанттары, бітіруші курс білімгерлері және жас ғалымдар қатысты.

Спикер PhD аға оқытушысы С.Баймаганбетов, экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысының, саяси қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыруда басқару жүйесін орталықсыздандыру қажет деген пікірін қолдайтындығын жеткізді. Онда үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге беріп, басты назарды нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, бір ғана министр жауапты болатындығын айтты.

Аталған кездесуде «Менеджент және туризм» кафеддрасының меңгерушісі Г. Момбекова саяи реформалардың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын сәйкес жүргізілетіндігіне, барлық реформалардағы билік өкілдерінің орындарының және жауапкершіліктерінің нақтыланғандығын атап көрсетті.

Жас ғалымдар да өз пікірлерін ортаға салып, Президент жолдауында орын алған саяси реформалар алдыңғы жолдаумен сабақтас екенін, себебі ағымдағы жолдау «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болса, осы жолдауда «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына айналғанын атап өтті.

Форсайт сессияға қатысушылар орын алып жатқан саяси реформалардың жан- жақты дәріптелуі жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыруда үлкен маңызға ие екендігін айтты.