Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.
“Құқықтық сана-қауымға пана” жобасы аясында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, және буллинг, кибербуллинг жайында түсінік беру мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ДТІЖО: Г.Қорғанбекова, педагог-психолог: С.Мырзалиева және мектеп инспекторы М.Қадыр қатысты. Іс-шара барысында «Кибербуллинг дегеніміз не?», «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерлік» тақырыптарында бейнебаян көрсетілді. Жиналыс соңында оқушылар сұрақ қойып, қызу талқыланды.
Сондай ақ осы жобаның аясында аясында жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың,құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында жиналыс болды.
Жиналысқа ДТІЖО: А.Алтынбекова, педагог-психолог: С.Мырзалиева және мектеп инспекторы М.Қадыр қатысты. Іс-шара барысында «Мен және заң»,«Интернет желілерінің зияны» тақырыптарында баяндама оқылып, бейнебаян көрсетілді. Жиналыс соңында оқушылар өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алып, кері байланыс орнатылды.
«Құқықтық сауаттылық» декада жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеуі әлімжетттіктің алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында «Әлімжеттік – әлсіздің іс» атты бейнеролик байқауы өтті. Бейнеролик байқауына 20 астам астам видео бақ сынасты. Нәтижесінде, 7 «М» сынбының дайындаған бейнеролигі «Ең үзік» деп танылып жүлделі 1-орынға ие болды. Сапалы, мағыналы бейнероликті дайындаған оқушыларымызға, ата-аналарымызға және сынып жетекшісі Джайнарова Мөлдірге мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Декада қорытындысында арнайы алғыс хатпен марапатталады. Құттықтаймыз!