Алаяқтықтың түрі көбейіп кеткен

Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, екі миллион теңгесінен айырылды

«Мемлекеттен кезексіз үй алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, алаяқтық жасайтындар саны азаймай тұр.2022 жылдың 19-қазанында, кешкі сағат 20:59-да Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны (азаматша) арызданған. Ол өз арызында, 7 жылдан бергі танысы «Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген жолмен, яғни әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алуға көмектесемін» деп, 2 000 000 (екі миллион) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

         Полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны екі тәулікте қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.Үш баланың анасы, жұмыссыз.Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, аз уақытта ақшасын алып кеткен түркістандық тұрғын ұсталды. Жәбірленуші көмектесемін деп, опық жеді. Қалта телефонын уақытша сұраған азаматқа қарасып, құрал қаптамасында болған қаржысынан айырылды. Оқиға Шымкент қаласында орын алған.

         Абай ауданы Полиция басқармасының «102» арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, 2022 жылдың 24-қазанында, түскі сағат 12:30 шамасында қала көшелердің бірінде бейтаныс азамат досына шұғыл қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын уақытша сұрап алып, оның сыртқы қабында тұрған ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құраған.Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

         Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 21 жастағы азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ол – Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз.Тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.