Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында ағымдағы жылдың 14-20 наурыз аралығында Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық іс-шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары алты күн ішінде 1367 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.Оның ішінде, ұсақ бұзақылық бойынша – 249 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 130 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 434 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу – 212 (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) азамат анықталған. Сонымен қатар, көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу бойынша – 44 (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды.Айта өтетін ақпарат, мұндай профилактикалық шаралардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесуде ықпалы мол.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі