Бүгінгі таңда жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Көпсалалы Индустриалды Техникалық колледжінде Түркістан ҚПБ қызметкерлері: Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ аға капитаны Нуршилов Нұржан Бейсенбекұлы, УПИ полиция аға лейтенанты Шахаев Алмат Талғатұлы, полиция лейтенанты Абдукаримов Айбек Абдухаликұлы келіп жастарымызбен жиналыс өтті. Жиналыс барысында студенттерімізге құқық қорғау қызметкерлерінің жұмыстары туралы бейнеролик көрсетіліп кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі яғни: кафе,ресторан,компьютерлік клубтар,лоундж-бар,диско клубтарға баруына қатаң тыйым салынғаны туралы баяндама тыңдады. Сондай-ақ қаламыздың жастар ресурстық орталығының қызметкері теолог Сулейменова Алина Бериковна жастарымызға ұлт арасындағы достық туралы баяндама оқыды. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көлбай Әзімхан Сейітмұратұлы және психолог Алхожаева Улбосын Еркінқызы колледжішілік тәртіп және студенттердің сыртқы киімі,келбеті туралы айтып өтті. Студенттеріміз қажетті ақпарат беріліп,үгіт насихат жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар 20.10.2022 ж. колледжде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Заман» тақырыбында жастар ұйымының инспекторы И.Ташметов және Түркістан ҚПБ-ң ЖПҚ-ң ЮПт-ң УПИ полиция лейтенанты М.Зайыр студенттерімізбен жиналыс өткізді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі, жол жүру ережесі, құқық бұзушылық және қылмыс, адам денсаулығына зиянын тигізетін алкогольді сусындар мен темекі туралы жастарымызға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.