Құқық қорғау органдарымен бірге жиналыс өтті

Қазіргі кезде  қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті  мәселелердің біріне айналып отыр. Құқық бұзушылықбұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың алдын-алуда құқықтық тәрбиенің маңызы үлкен.

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектепте Түркістан қаласы прокуратурасы қызметкерінің, Түркістан полиция басқармасы жергілікті полиция қызметкерінің жалпы мектеп ата-аналарымен кездесуі-жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы М. Назаров, Түркістан қаласы прокуроры Қ. Нұржанов, Түркістан қаласы жергілікті полиция қызметінің Юневалды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Тұрсынбек Медет, мектеп ұжымы, жалпы ата-аналар қатысты. Қала прокурорымен кездесу- жиналысында мектеп педагог-психологы М. Тұрғанбекова ата-ана мен бала арасындағы байланысы, қарым-қатынасы, баланы шектемеу туралы тренинг өткізді. Юневалды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Тұрсынбек Медет ата-аналарға қала көлемінде кәмелетке толмаған балалардың жасаған қылмыстары, құқық бұзықшылықтары туралы айтып, осындай іс-әрекеттердің алдын алу үшін ата-аналарға ескертіп, сақтандырды. Түркістан қаласы прокуратура қызметкері Қ. Нұржанов ата-аналарға кездесу-жиналысы барлық мектептерде жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Бұл жиналыстың басты мақсаты кәмелетке толмаған балалар құқық бұзушылықтың, зиянды іс-әрекеттердің алдын алу, ата-аналарға дұрыс бағыт-бағдар беру туралы болды.

Ntime.kz