Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күреске бағытталған күнделікті жұмыс Қазақстан Республикасы саясатының негізгі құрамдас бөлігі дейтін болсақ, ол жасы толмағандардың қылмысы мен жасөспірімдер құқық бұзушылығын болдырмай алдын алудағы шаралардан өз көрінісін тапқан. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығын алдын алуда маңызды болып саналатын тәрбиелік сипаттағы шаралар. Мұндай тәрбиелік сипатқа ие болған шаралар құқық қорғау органдарына, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға өз көмегін тигізсе де оның жеткіліксіздігі күнделікті іске асып жатқан жат әрекеттерден көрініп, жаңа келелі істерді талап етеді. Жасөспірімдердің құқық бұзушылығымен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың тиімділігі – оқу-ағарту, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қызметкерлерінің бірлесе отырып, олардың ішкіш ата-анасына азаматтық-құқықтық шара қолдануы тиісті орындардан талап еткен өтініштерінен көрінеді. Мұндай шара қолдану арқылы үнемі ішімдікке салынған ата-ананы ойландырып, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге жұмылдырған болар еді. Әрине, ол шара бірден тиімділігін бермесе, бірте-бірте жүзеге асары сөзсіз. Болашақтың тірегі жасөспірімдер тәрбиесінің тиімді болуы күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Бос уақыттың шексіздігі, оны дұрыс пайдалана алмау, педагогикалық тәрбиелеудің жеткіліксіздігі жасөспірімдер арасында жаман әдеттің кең таралуына, моральдық, құқықтық нормалардың бұзылуына алып келеді. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан мектептерде іс-шаралар атқарылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы. Түркістан қаласы Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары Ішкі істер бөліміне барып, саяхаттап, профилактикалық іс-шара аясында прокуратура өкілі Б. Сенкібаев, КТІ комиссия мүшесі Г. Даханова, полиция инспекторы Д. Қоңырбаев, емхана өкілі И. Жакиповалармен кездесу болып өтті. Елімізде кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың ісімен шұғылданатын комиссия құрылған. Оған айтарлықтай арнайы өкілеттіліктер берілген. Егер ата-ана баласының тәрбиесіне қарамаса, комиссия оларды ата-ана құқынан да айыра алады. Келешек ұрпақтың осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу үшін жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Осы орайда арнайы жүйелі құрылған жоспарлар бойынша әрбір жеткіншекке, әрбір ата-анаға Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша арнайы түсіндірме жұмыстары жасалынып, құқықтық жалпы оқыту қоғамдық пән мұғалімдерінің жетекшілігімен ақпараттық-насихаттық лекторлық топтарымен сауаттылықтарын арттыру керек. Сонымен бірге отбасында баланы қалай тәрбиелеу керек, қазіргі қоғамдағы балаға ең қажетті не нәрсе екендігін айқын көрсететін бағдарламалар жасалынып, клубтар жұмыс жасаса өз жемісін берері белгілі. Интернет билеген заманда түрлі жағымды-жағымсыз жаңалықтар айналамызды қоршағанда әркім өзіне керегін таңдап алуы керек. Бірақ жасөспірімдер бұл жағын ескермесі белгілі, сол себепті баламыз ғаламторда отырғанда да қандай да болмасын әлеуметтік желіні пайдалануда да бақылау болуы керек.