Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық әкімдігінің фронт-офисінде адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттардың,сот орындаушылардың кәсіби медиаторлардың, қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және азаматтарға құқықтық, мәселелері бойынша заңдық тұрғыда консультациялық көмек көрсетілді.

Аталған шарада 20-ға жуық тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заңдық тұрғыда құқықтық көмек берілді. Жоғарыда көрсетілген мәселелер негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Сонымен қатар мұрагерлік құқық және мұра алудың шарттарын рәсімдеу туралы кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтар көтерген жүйелі мәселелерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Үкіметінен түскен тапсырмаларды ескере отырып шешу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарыныңі 3-тармағын орындау мақсатында, Түркістан қаласының жекеше нотариусы С.Уринбаевамен мұрагерлік құқық және мұра алудың шарттарын рәсімдеу тәртіптері бойынша азаматтармен кездесу өтті.

Кездесу барысында нотаруис С.Уринбаева мұра алудың шарттары, рәсімделу тәртіптері туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.