10 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты — қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту.
Байқауға қатысуға 10 өтініш түсіп, олардың ішінен 6 мекеме іріктеуден өтіп, бірінші кезеңге қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша 3 қызмет көрсетуші республикалық кезеңге өтті, олар:
✅ Калибекова Индира Юсиповна — Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-әдістемелік және жоғары спорт жетістіктері бөлімінің бас маманы;
✅ Әбдіжаппарова Айгуль Төреқұлқызы — Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің маманы;
✅ Кұрбанова Ділбар Құдайбергенова — Шымкент қаласының білім басқармасының маманы.
Жеңімпаздарға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті