«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен ойлайн форматта үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.Күн тәртібінде Шымкент қаласындағы кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жағдайына кәсіподақтардың әсер етуін нығайтуға және жұмысшылардың кәсіподақтарға сенімін арттыруға бағытталған Жол карталарының жобаларын бекіту жайы қаралды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітовтың баяндамасы тыңдалды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тапсырмасы бойынша кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жағдайына кәсіподақтардың әсер етуін нығайту және жұмысшылардың кәсіподақтарға сенімін арттыруға бағытталған Жол карталарының жобалары әзірленді.Жол картасына сәйкес жыл соңына дейін іс-шаралар жоспары түзілді. Оның ішінде: кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін енгізу, еңбек дауларының, жалақы қарыздарының алдын-алу, ұжымдық шарттар жасаудың құқықтық негіздері тақырыптарында семинар-тренингтер өткізу, еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу мен шешу, келісу комиссияның жұмысын ұйымдастыру; әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттарды жасаудың технологиясы, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі көзделген.Сонымен бірге жұмысшылардың кәсіподақтарға сенімін арттыру бойынша келесі іс шаралар: жұмысшылардың келісімінсіз және арыздарынсыз өзге кәсіподақтарға ауыстырған жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, әкімшілік жазаны күшейту мәселесін енгізу; кәсіподақ көшбасшыларының әкімдіктер, мәслихаттар, басқармалар қызметкерлерімен, партия басшыларымен және өзге де маңызды қоғамдық бірлестіктермен кездесу кестесін бекіту; жаңадан құрылған кәсіподақтар тарапынан рейдерлік, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын бұрыннан бар кәсіподақ ұйымдарынан ауыстырып алу мәселесін зерделеу, әрі қарай тиімді шаралар қолдану көзделген.Жиында кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жағдайына кәсіподақтардың әсер етуін нығайту және жұмысшылардың кәсіподақтарға сенімін арттыруға бағытталған Жол карталарының жобалары бекітілді.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы